Көлігіне қағаз нөмір жапсырып алған жүргізуші ұсталды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Семейде көлігіне мемлекеттік нөмірді қолдан жасап алған 28 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Семейде жүргізушілердің бірі қағаздан көлігіне мемлекеттік нөмір жазып алған. Абай облысының Полиция департаменті Дулатов көшесі бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хабарланған фотосуретті анықтайды, аталған факті бойынша "Daewoo NEXIA" көлігінің 28 жастағы кәсіпкер жүргізушісі анықталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі «Мемлекетік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген хабарламада.
Көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады