00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде баспана бағасы өсуі мүмкін

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде баспана бағасы өсуі мүмкін
ашық дереккөз

Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко алдағы уақытта баспана құнының өсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Баспана бағасы өсуі мүмкін. Егер еліміздің экономикасын, сондай-ақ басқа елдердің экономикасын мұқият қарасақ, онда барлығында инфляцияның жоғары қарқынын байқауға болады. Бұл өз кезегінде валютаның сатып алу қабілетінің төмендеуін білдіреді. Егер елімізде жылжымайтын мүлік бағасының қалыптасуы туралы айтатын болсақ, онда импортталатын инфляция есебінен жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің құны қымбаттай түседі, - деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында. 

Осы орайда сарапшы баспана нарығында бағаның күрт ауытқуы болмайтынын, бірақ инфляция процестері аясында баға өзгеретінін айтты. 

Егер материалдар сатып алынатын елде инфляция 8-10 пайызды құраса, біз осы материалдармен бірге елге инфляцияның осындай деңгейін жеткіземіз. Инфляцияның бұл деңгейі теңгенің құнсыздануына қосымша әсер етеді. Баспана құнының күрт ауытқуы болмауы мүмкін, бірақ инфляция үдерістері аясында баға өзгереді, - деді Нина Лукьяненко. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, сарапшы қазіргі кезде ел бойынша баспана нарығында айына 33-36 мың келісімшарт жасалып отырғанын айтты. 

Бұл тұрғыда ол таяу айларда тұрғын үй нарығында елеулі өзгерістер бола қоймайтынын жеткізді.