Елімізде кәсіптік орта білім беру құны 19,5%-ға қымбаттады
Биыл техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер көлемі 84,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Бюджет есебінен көрсетілген қызметтер 73,8 миллиард теңге, халық есебінен 9,8 миллиард теңге, кәсіпорындар есебінен жасалған қызмет 669 миллион теңгеге тең.
2021 жылы сектордағы қызметтер көлемі 73,6 млрд теңге болды. Бір жылда 7,8% өсім байқалды.
Көрсетілген қызметтердің ең көлемдісі Алматыда, 11,1 млрд теңгеге тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Одан кейін Түркістан облысы 5,6 млрд теңге және Шымкент 5,5 млрд теңге. Қызметтердің ең аз көлемі Ұлытау облысында, небәрі 1,5 млрд теңге. Қызмет көлемі аз үштікке Атырау және Абай облыстары кіреді.
Техникалық және кәсіптік орта білім беру саласындағы қызметтер көлемінің ірі өсімі елордада байқалды. Ол 27,1%-ға, яғни 4,6 млрд теңгеге дейін артты. Ал Шығыс Қазақстан облысында қызмет көлемі айтарлықтай кеміді. Нақтырақ айтсақ, 42%, 3,1 млрд теңгеге дейін азайған.
Колледждердің 76,7%-ы – мемлекеттік. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер 64,6 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,9%-ға артық. Қызметтердің 23,3%-ы жеке бизнеске (19,7 млрд теңге), 1,9 млн теңге шетелдік кәсіпорындарға тиесілі.
Кәсіпорындардың көлемі тұрғысынан қызметтердің негізгі көлемі орта бизнеске келді. Ол 46,4 млрд теңгеге жетті, өткен жылғы көрсеткіштен 11,3%-ға артық. Шағын бизнес секторда 30,5 млрд теңгег, ірі бизнесте 7,3 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.
Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша кәсіптік орта білім беру құны бір жылда 19,5%-ға артқан. Бағаның ең жоғары өсімі Атырау облысында байқалды. Мұнда баға бір жылда 65,9%-ға өсті. Одан соң Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарындағы қызмет 35,4% және 34,5%-ға қымбаттаған. Ақмола облысында баға өсімі ең аз, қызметтер құны 1,3%-ға ғана артты.