Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттады - статистика
Елімізде жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 20,1% қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз: Астана базарларында макарон өнімдері 90 теңгеге қымбаттады
Елордада жыл басынан бері нан бағасына 40 теңге қосылған
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада – 0,2%, ай басынан – 0,5%, жыл басынан 20,1% өсті. Жылдық мәнде 19,6% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыздық тармаққа жоғары, - делінген мәліметте.
Статистика дерегіне сүйенсек, өткен аптада арзандады:
- пияз – 2,6%;
- сәбіз – 1,7%;
- картоп – 0,9%
Өткен аптада қымбаттады:
- жұмыртқа, І категория – 1,9%
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша):
- қарақұмық – 524 тг/кг;
- картоп – 152 тг/кг;
- айран, 2,5% – 345 тг/л
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.