Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәртебесі өзгереді
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қоғамдық жоғары маңызы бар өзге даталармен қатар мерекеленуі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы тапсырмасын орындау мақсатында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады, - делінген қаулы жобасында.
Құжат Ашық НҚА сайтында 3 қарашаға дейін талқыланады.
Айта кетейік, бұған дейін 1 желтоқсан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келді және осы күні қазақстандықтарға демалыс берілетін.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады