00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қиын жағдайдағы қазақстандықтарға қанша әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қиын жағдайдағы қазақстандықтарға қанша әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді
ашық дереккөз

Қазақстанда 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олар халықтың әртүрлі санаттарына өмір сүру сапасын жақсарту және күрделі өмірлік жағдайдан шығу үшін көмек көрсету мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қызметкерлер қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттері – қызмет алушыларды өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас дағдыларына үйрету. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер отбасы мүшелерімен оңалту іс-шараларын іске асыру және қызмет алушылардың қоғамда өздерін бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді, әлеуметтік төлемдер мен басқа да әлеуметтік қолдау шараларын алуға жәрдемдеседі.

Әлеуметтік қызметкерлер стационар, жартылай стационар жағдайында, үйде және уақытша болу ұйымдарында АӘҚ ұсынады.

12 мың әлеуметтік қызметкердің 884-і медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оның ішінде 695-і стационарлық мекемелерде, 189-ы оңалту орталықтарында қызмет көрсетеді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 11 395 әлеуметтік қызметкер, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында – 65, дағдарыс орталықтарында – 65 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлердің 45%-ы аудан орталықтары мен қалаларда, 30%-ы облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда, 25%-ы ауылдық округтерде қызмет көрсетеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметпен 116 мыңнан астам адам қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңашылдық екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлау соңғы екі онжылдықта жүзеге асырылуда. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің 33%-ы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандар.