Қаңтар оқиғасы: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 12 қызметкері жауапқа тартылды
Қаңтар оқиғасы бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысынан соң Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы бес іс аяқталды. Аяқталған осы бес іс бойынша 23 адамға айып тағылды. Ал бір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы 29 адам азаптау бойынша қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде - 17 полицей, 12 ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, - деді Бас прокурордың орынбасары.
Сондай-ақ Әсет Шындалиев азаптаудан алты адам қайтыс болғанын айтты.
Азаптаудан алты адам қайтыс болған. Үш адамның өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қалғандары тергеліп жатыр. Рақымшылыққа біздің болжамымыз бойынша 1,5 мыңдай адам ілігеді. Басым бөлігі қарапайым азаматтар, - деді Ә.Шындалиев.