Елордада интимдік қызмет көрсететін боди-массаж салоны анықталды (ВИДЕО)
Астана полиция қызметкерлері боди-массаж салонын анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы ауданы :ергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары боди-массаж салонында интимдік қызмет көрсету фактісін анықтады.
Салондағы тоғыз массажистің бірі массаждан басқа, ниет білдірушілерге жыныстық қатынас қызметін көрсеткені анықталды. Құны 40 мың теңгеден асатын екі сағаттық релакс-массаждан басқа қосымша қызмет көрсету үшін клиенттерден 20 мың теңге алған.
Үй-жайды тексеру кезінде полицейлер массажисттен бөлек, салон қызметкерінің заңсыз әрекетін жасырған 24 жастағы әкімшіні ұстады.
ҚР ӘҚБтК 450-бабы бойынша әкімшіге қатысты жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу үй-жайларды бергені үшін әкімшілік іс қозғалды, бұл жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ боди-массаж салонының қызметі туралы ақпарат Астана қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.