Қазақстанда бір жылда сыра 22 пайызға қымбаттады
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
Қаңтар-тамыз айларында сыра өндірісі 481,4 млн литрді құрады, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Отандық сыра өңдірушілер қаңтар-шілде айларында сұранысты 91%-ға қамтамасыз етті. Сыраның экспорты 12,7%-ға қысқарды.
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша сыра бір айда 1,5%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері сыра 21,2%-ға, ал бір жылда, яғни 2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22,4%-ға қымбаттады.
Өңірлік бөліністе жыл басынан бері сыраның бағасы Шығыс Қазақстан облысында (30%-ға), Астанада (29,2%-ға) және Түркістан облысында (28,9%-ға) айтарлықтай өсті.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады