00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда сотталған адам Тергеу изоляторынан қашып кетті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда сотталған адам Тергеу изоляторынан қашып кетті
ашық дереккөз

Бүгін Алматыда Тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кетті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Алматы қалалық полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info

Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді, – деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеруді бастады.