00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қандай көліктер жиі ұрланады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде қандай көліктер жиі ұрланады
ашық дереккөз

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның онлайн брифингісінде елімізде қандай көліктер жиі ұрланатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланып, 775-і табылған. Ең жиі ұрланатын көліктерге келсе, бұл жерде «Toyota», «Lexus» көліктері жиі ұрланатынын айтуға болады. Биыл 60-тас астам көлікке іздеу жарияланды. Оның 85 %-ы табылып, иелеріне қайтарылды. Бірлескен жұмыстардың арқасында кейінгі 5 жылда ТМД елдерінан Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды, - деді ол.