Ауылдарда туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары – министр
Былтыр ауылдарда туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Халықтың денсаулық көрсеткіштерін талдау, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарынан тұрақты жоғары екенін көрсетеді. 2021 жылы ауылдарда туу деңгейі қалаға қарағанда жоғары болды. Биыл 7 ай қортындысы бойынша республикалық көрсеткіштен 5 %-ға жоғары. Нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты, - деді министр.
Оқи отырыңыз: Министр: Ауылдарда 1700-ден астам медицина қызметкері тапшы
Ажар Ғиният қалалықтардың денсаулық жағдайын жақсарту және өлімді азайту үшін елімізде бірқатар жүйелі шара жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Ауруларды және даму бұзылыстарын уақтылы анықтау үшін жыл сайын 3,1 млн-нан астам баланы қамти отырып, профилактикалық қарап-тексерулер, 1,6 млн-нан астам ерте шақтағы баланы скринингтік зерттеулер жүргізіліп жатыр. Биыл ауылдық жерде ерте шақтағы балаларға күтім жасау мәселелері бойынша консультация беру үшін 400-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылды, - деді министр.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, материалдық-техникалық жарақтандыруды және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді арттыру мәселелері пысықталып жатыр.