00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде пәтерді жалға беру бір жылда 47,2%-ға өсті

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде пәтерді жалға беру бір жылда 47,2%-ға өсті
ашық дереккөз

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Статистика бюросының мәліметінше, өткен айда тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін жалдау ақысы – орта есеппен 4 612 теңге болды, ал бір ай бұрын ол – 4 029 теңге мөлшерінде болған.

Республикалық деңгейден баға тек Алматы қаласында жоғары – 5 611 тг/м2. Баспананы жалға беру бағасы, сондай-ақ Астана және Ақтау қалаларында қымбат, шаршы метріне – тиісінше 4 485 және 3 253 теңгеден.

Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылорда (1 797 тг/м2 ), Тараз (1 809 тт/м2) және Жезқазған (1 845 тг/м2) қалаларында тіркелген.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы бір айдың ішінде Қостанай қаласында айтарлықтай қымбаттады, бірден 42,6%-ға. Баға қарқынды түрде Петропавл қаласында да өсті – 27%. Баға өсімінің үштігінде Қарағанды қаласы да бар, онда қыркүйек айында тұрғын үйді жалға алу бағасы тамызбен салыстырғанда 21%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы Түркістан (0,6%), Талдықорған (3,5%), Шымкент (3,9%) және Қызылорда (4,3%) қалаларында болмашы мөлшерде өсті.