Жыл басынан бері Қазақстанға қанша ресейлік келді
Бұл туралы бүгін «Көші-қонды қадағалау мәселелері» тақырыбында өткен брифингте ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Көші-қон үрдісінің келуі де, кетуі де өсе бастады. Нәтижесінде жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келді: Ресейден - 1 млн 700 мың (39%), Өзбекстаннан да 1,5 млн (34%), Қырғызстаннан - 547 мың, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам, Беларусь - 53 мың, Түркия - 68 мың, Германия - 43 мың, - деді А.Аталықов.
Ал Қазақстаннан 4 млн 155 мың шетел азаматы кетті. Оның ішінде:
- Ресей Федерациясының 1 млн 666 мың азаматы;
- 1 млн 370 мың Өзбекстан азаматы;
- 540 мың Қырғызстан азаматы;
- 196 мың Тәжікстан азаматы.
Ресей Федерация азаматтарының иммиграциясына тоқтала отырып, келесі талдауды атап өту қызықты деп санаймын.2019 жылы пандемия болмаған кезде Қазақстанға 2 млн 875 мың ресейлік келді. Яғни, сол кезде 3 миллионға жуық адам кірді. Ал биыл, айтқанымдай, 9 айда – 1 млн 600 мың, яғни әлдеқайда аз, - деді ол.