00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің оқушылары мен студенттер аса құнды құжаттармен танысады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің оқушылары мен студенттер аса құнды құжаттармен танысады
ашық дереккөз

Еліміздің мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы архивтегі аса құнды құжаттарды, ХХ ғасырдың 20, 30-жылдарындағы ашаршылыққа қатысты материалдарды, жастар қозғалысының тарихын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуын және басқа да тарихи фактілерді куәландыратын құжаттармен танысып, білімін жетілдіре алады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл – «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында мүмкін болып отыр. 21 қыркүйекке жоспарланған ауқымды шара 400-ден астам түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды.

Сондай-ақ, мемлекеттік архив ғимараттарында оқушылар Қазақстан тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерді білуге арналған конкурстар мен викториналарға қатысады. Ұймдастырушылар архив қызметінің бағыттары бойынша таныстыру экскурсияларын өткізіп, тақырыптық фотоқұжат экспозициялары мен көрмелерге шолу жасайды.

Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен жүзеге асатын республикалық жоба аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде Ашық есік күні өтеді.

Жас азаматтар үшін музейлер мен кітапханалар ғана емес, архивтер де маңызды тарихи оқиғаларды, ұлттық дәстүрді, Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қызметін зерделеуге арналған орталыққа айналуы тиіс. Өз еліміздің тарихына үңіліп, сирек кітаптарды реставрациялау, қолжазбаларды сканерлеу, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы архив құжаттарын өз көздерімен көру маңызды деп ойлаймын. Біз әртүрлі жастағы балаларды қамтып, оқушылар мен студенттерге аса құнды құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беруіміз керек, – деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.