«Бәйбішесі әдемі еді ғой»: Бекболат Тілеуханның жас әйелімен түскен ФОТОСЫ желіні шулатты
Соңғы уақытта Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан ел назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы оның жас әйелімен түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Elorda.info.
Еске салсақ, Бекболат Тілеухан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Түркияда дүркіретіп жасаған тойына жас жұбайымен бірге барған еді.
Әлеуметтік желі қолданушылары экс-депутатты сынның астына алды.
Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан өзі айтқан кітаптарды қайдан оқығанын айтты (ВИДЕО)
«Анандиді» көрдің бе?..»: белгілі актер Бекболат Тілеуханға породия жасады (ВИДЕО)
«Бекболат ағаның әйелі басқа еді ғой, бір бағдарламада сұхбат бергенде қасында басқа әйел болған, орта жасқа келіп калган», «Оның 4 әйелі бар ғой», «Бекболаттың немересі сияқты ғой», «Өз әйелі, бәйбішесі әдемі еді ғой», «Бекболатты қойшы, әйелқұмар жан, ашуыма тиеді. Елі үшін еңірер ер деп мақтан тұтатын едім. Барлық, байлық көзін басып кетті. Ертең бәленбей әйелден өрбіген ұрпаққа Құнанбайша тәрбие беріп, ұлдары тоқсан қатын ап, қыздары тоқсан байға тиер ме екен?», «Бекболаттың әйелі бар бояуды жағып, сұр жылан болып тұр ғой», «Бекболаттың нешінші әйелі?», «Бекболат ағаның әйелі басқа еді ғой. Осы концертте қасында отыратын еді», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін бір сұхбатында Бекболат Тілеухан үш әйелінен 14 баласы бар екенін айтқан болатын.
Тағы оқыңыз: «Менің ғана пікірім емес»: Бекболат Тілеухан астана атауын өзгертуге қарсы шықты (ВИДЕО)
Ең бастысы, мен оларды сүйемін. Олар да мені жек көрмесе керек. Балалардың әкесімін ғой. Бірақ оларды тату-тәтті ұстаймын, олар қызғанбайды деген нәрсе болуы мүмкін емес, - деген еді ол.