00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді
ашық дереккөз

Елімізде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді.

Соның негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.

Зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде «Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосып жатыр. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».

Сондай-ақ жақында  мұндай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылады.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлері әр өңірге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Несие беру шарттары әдетте стандартты болып табылады: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін, - деп жазылған хабарламада.