00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде кедей отбасы көбейіп кеткен

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде кедей отбасы көбейіп кеткен
ашық дереккөз

Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқандар саны артқан, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жыл күнкөріс деңгейінен (кедейшілік деңгейі) төмен халықтың үлесі II тоқсанда 5,1%-ды құрады. Бұл 2021 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары, - деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросы.

ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша көбіне көп балалы отбасылар кедей. Бес және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейшілік деңгейі 9,3%-ды құрады.

Бұл – жалпы кедейшілік деңгейінен екі есе дерлік жоғары, - деді ведомство.