Мәжіліс депутаттары қостанайлықтарға бір күндік жалақысын аударады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қостанай облысының тұрғындары бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай – өртке тап болды. Өкінішке қарай, қайтыс болған адам бар. Жүздеген үйлер мен өндірістік нысандар қирады. Орман қоры мен жануарлар әлеміне үлкен зиян келді. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар барлық қажетті шараларды қабылдауда. Мемлекет басшысы жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр. Осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарға қостанайлықтармен бірге болып, қолдан келгенше көмек көрсету маңызды. Мәжілісмендер мен аппарат қызметкерлері марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді, – делінген Мәжіліс хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады