«Арты қуыс па?»: Омархан Өксікбаев Бекболат Тілеухан жайында айтты (ВИДЕО)
Мәселе ол азаматтықты алып кетті ме, кетсе неге кетті деген әңгімеден туындауы керек деп ойлаймын. Ол елшіл азаматтардың бірі болатын. Өзі араласқан азаматтар анандай болып жатқаннан кейін секемдігі бар шығар өзінің, кім біледі оны?.. Мен басқа ештеңе айта алмаймын, - деді экс-депутат.
Оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдыұлы менің жан досым, оны жақсы көремін – Бекболат Тілеухан (ВИДЕО)
«Ішіп алып, шегіп алып айта береді»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді (ВИДЕО)
Еске сала кетсек, отандық БАҚ-та Бекболат Тілеуханның Түркия азаматтығын алуға өтініш білдіргені туралы хабар тараған-ды. Кейін оның өзі ақпаратты «жала» деп жоққа шығарды. Ал Омархан Өксікбаев «ары таза адам ештеңеден қорықпайды» деп отыр.
Тағы оқыңыз: «Өкпемнің орны бар деп ойлаймын»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жазба арнады
Қалай болғанда да шетелге кеткен адамдардың арты қуыс па? Ертең адамдардың бетіне қалай қарайды? Мен қазір соттың шешімі болмағаннан кейін біреуге күйе жаққым келмейді. Қалай болғанда да адал адам ештеңеден қорықпайды. Ол өз елінде, қазақша айтқанда, талдаңдап жүреді, - деді Омархан Өксікбаев.