00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда 216 мыңнан астам оқушы бес күндік форматта оқиды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда 216 мыңнан астам оқушы бес күндік форматта оқиды
ашық дереккөз

Биыл 1 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтанда 216 мыңнан астам оқушы контингенті бар 148 мектеп 5 күндік оқу аптасына ауысады.

Бұл қаладағы барлық мектептің 98%-ы. Үш ауысымды 4 мектеп 6 күндік оқу форматында қалады.

Сондай-ақ елордадағы 21 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күні болады.

Бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында мүмкін болып отыр.

Президент педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қолдауының арқасында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жүктемесі қысқартылды. Заңға тәуелді актілер қабылданып, әкімдіктер бұрынғыдай мұғалімдерді міндетінен тыс артық жұмыстарға тартпайды. Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар аясында алдағы уақытта сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналады, бұл әріптестерімізге сабаққа дайындалып, уақытты отбасымен бірге өткізуге мүмкіндік береді. Мұның балаларға берер артықшылықтары бар, енді олардың да көбірек бос уақыты болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық, - деген болатын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесінде.