Түркістандық тұрғын қызын ҰҚК-ге жұмысқа тұрғызамын деп 4 миллион теңгесінен айырылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әйел арманындағы жұмысқа қызын орналастыру үшін 4 миллион теңге беруге дайын болған. Сөйтіп өзі танитын ер адамға қаражатты ұсынған. Азамат та өз кезегінде жұмысқа тұрғызатынын уәде еткен. Ер адам біраз уақыт хабарсыз кеткен соң, әйел өзінің алданып қалғанын түсінген.
2 жылдан кейін әйел полициядан көмек сұраған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Күдікті ҰҚК-мен байланысы жоқ, жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:18
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
16 қыркүйек, 2024
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
16 қыркүйек, 2024
«Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды
16 қыркүйек, 2024
Манарбек Қылышқанов: Қазақстан – атом энергетикасымен жаңадан танысып жатқан жоқ