13 жасар қызды құтқарып қалған ауыл әкімінің орынбасары марапатталды
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
ашық дереккөз
5 тамызда Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары Сүйіндік Туғанбай 13 жасар қызды ересек жәбірлеушінің арам пиғылынан құтқарып қалған.
Түркістан облысы полиция департаменті мәліметіне сәйкес, күдікті жасөспірімге шабуыл жасаған. Оқиғаны жақын арада болған ауыл әкімінің орынбасары байқап, бірден араша түседі. Сүйіндік Туғанбай қашуға ұмтылған күдіктіні ұстап, полицияға тапсырды.
Агенттік Төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Түркістан облысы бойынша аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы міндетін атқарушы Өркен Балажанов табыстады.
Сүйіндік Туғанбай Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметте 25 жылдан астам еңбек етеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады