00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанға 700 мыңға жуық турист келеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға 700 мыңға жуық турист келеді
ашық дереккөз

Ералы Тоғжанов Президенттің тапсырмасы бойынша елде туризмді дамыту қажеттігін атап өтті. Қазіргі кезде Үкімет ішкі туризмнің өркендеуі үшін барлық жағдайды жасап отыр.

Ұлттық парктердің көбі шоғырланған Алматы өңірі экотуризмді дамытудың негізгі бағыты екені анық. Бұған статистикалық деректер де дәлел. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы кластерінің аумағындағы үш ұлттық паркке келушілер саны оның алдындағы жылдар көрсеткіштерінен асып түсті. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша да ұлттық парктерге келушілер саны артқан. Мұның бәрі экотуризмнің дамып, аталған мәдениеттің халық арасында кеңінен таралып келе жатқанын байқатады. Сонымен қатар биоалуантүрлілікті сақтап, табиғат обьектілеріне зиян келтіруге жол бермеу керек, - деді вице-министр.