00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тегін өзгертіп, тығылып жүрген Болат Алтынбеков 12 жылдан кейін Мәскеуде ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тегін өзгертіп, тығылып жүрген Болат Алтынбеков 12 жылдан кейін Мәскеуде ұсталды
ашық дереккөз

Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігіне қолжетімсіз болу үшін елден тыс жерлерде жасырынып жүреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіруді жүзеге асырды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен, - делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.