00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көші-қон заңнамасын бұзған 49 шетел азаматы елден шығарылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көші-қон заңнамасын бұзған 49 шетел азаматы елден шығарылды
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер  27 маусымы мен 4 шілде аралығында қаладағы құрылыс нысандарын, қонақүйлер, жатақханалар, адамдар көп жиналатын орындар мен шетел азаматтары заңсыз болуы мүмкін жерлерді тексеріп шықты.

Іс-шараның мақсаты – еліміздегі көші-қон тұрақтылығын сақтап, заңсыз көші-қонның криминогендік жағдайға теріс әсерінің алдын алу.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қазақстанда болу ережесін бұзғаны үшін 1358 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 98 шетел азаматы елден шығарылды. Соның ішінде 8 шетелдікті соттың шешімімен елден шығаруға тура келді. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 340 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 275 азамат шақырылған шетелдіктердің белгіленген келу қағидаларын бұзған, ал 65 адам шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды елорданың полиция департаменті.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 49 шетелдік азамат елден шығарылды.

Жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесі көрсетіп отырғандай шетел азаматтары Қазақстан Республикасына келу, елде болу және елден кету тәртібі ережелерін жиі бұзады.