00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады – Тамара Дүйсенова

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады – Тамара Дүйсенова
ашық дереккөз

Олардың 60%-ы – еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 26%-ы – зейнет жасындағылар, ал қалған 14%-ы – балалар.

Министрдің айтуынша, оларды қоғам өміріне араластыру үшін кезең-кезеңіме жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мүгедектікті белгілеудің проактивті немесе «сырттай куәландыру» форматына көшуді бастадық. Оның мәні азаматтың денсаулық жағдайына қатысты ақпарат пен осыған байланысты тіршілік қалыбының өзгеруі жөніндегі дәрігердің қорытындысы медииналық ақпарат жүйесіне енгізіледі. Ондағы ақпарат Еңбек министрлігінің Мүгедектігі бар азаматтар туралы орталықтандырылған мәліметтер базасына келіп түседі. Бұрын базадан оны әркімнің тұрғылықты жеріне жолдайтынбыз. Енді ешкімнің жеке мәліметін көрсетпей, автоматты түрде үш өңірдң сарапшылар комиссиясына жібереміз. Комиссияның қорытындысы негізінде шешім қабылданып, ол шешім азаматтарға ыңғайлы форматта жолданатын болады, - деді Тамара Дүйсенова.