00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Зейнеп Ахметова: Келінім – орысша оқыған қаланың қызы

Зейнеп Ахметова: Келінім – орысша оқыған қаланың қызы
ашық дереккөз

Кездесу «Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі» тақырыбында өрбіді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жиын басында қала әкімінің орынбасары Есет Байкен халқымыздың ұлы қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні, еліміздегі ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуші, отбасы институтын дамытушы Зейнеп Ахметоваға Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатты табыс етті.

Бірнеше сағатқа созылған кездесу барысында отбасы құндылығына қатысты маңызды тақырыптар бойынша Зейнеп Ахметова ой өрбітті.

8-9 жасымнан үй шаруашылығына араластым. Ас үй тірлігін де меңгере бастадым.  Бала кезде үйреткен дүниелер есте жақсы қалып қояды екен. Тұрмысқа шыққан кезде ешкімнен ештеңе сұрамай, бірден өзім істеп кете бердім. Анам марқұм тұрмысқа шығар алдында «Қарашығым, сен енді балапан емессің. Қарақанат болып ұшып кетейін деп отырғалы тұрған құссың. Бір шаңырақтың отынын жағып, қазанын ұстайсың. Отыңды лаулатып не бықсытып қою саған байланысты» деген еді, - деді Зейнеп Ахметова.

 

Зейнеп Ахметова жастарға пайдалы кеңестерін де айтуды ұмытпады.

Үлкеннің алдында үндемегеннен ешқашан ұтылған емеспін. Расын айтқанда атаға   дұрыс қызмет етуді ғана ойладым, - деді Зейнеп Ахметова.

Ал «Келініңіз екінші Зейнеп бола ма?» деген сауалға келесідей жауап берді..

Аллаға шүкір, екі немерем бар. Үлкені  оқуын бітіріп, жұмысын істеп жүр. Ал кішісі кеше ғана мектеп бітірді. Ал «Келініңіз екінші Зейнеп бола ма?» деге сауалға былайша жауап берейін. Болмайды. Ол неге екінші Зейнеп болуы керек? Оны Алла тағала басқаша жаратқан. Ол үй тірлігін бұрынғыша істеуі мүмкін. Бірақ та екінші Зейнеп болмайды. Келінім – орысша оқыған қаланың қызы, - деп сөзін түйіндеді.