2,5 млн оқушының қатысуымен патриоттық челлендж өтті
Алғыс айту күніне орай еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Отаным, саған мың алғыс!» челленджі өтті, деп хабарлайды Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, іс-шараға 2,5 миллионға жуық оқушы, 20 мыңға жуық колледж студенті, 250 мың педагог және 50 мың ата-ана қатысты.
Челлендж аясында барлық білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар арасында «Алғыс айту-парызың...», сондай-ақ «Тарих ғибраты» сабақтарының онкүндігі ұйымдастырылды. Осы сабақтар аясында оқушыларға тарихтағы ризашылық мысалдары көрсетілді.
«Отаным, саған мың алғыс!» айдарымен жергілікті телеарналардан білім беру ұйымдары дайындаған құттықтаулар көрсетілді.