00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Енді көлігіне жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылмақ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Енді көлігіне жалған нөмір таққандар жүргізуші куәлігінен айырылмақ
ашық дереккөз

Құжатта автокөлік жүргізушілеріне жазаны қатаңдату нормасы қарастырылған.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нәзилә Раззақ ұсынылып отырған түзетулердің ішіндегі маңыздысы автокөліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты екенін мәлімдеді.

Автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөліктерге жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір таққаны үшін жауапкершілікті күшейту көзделіп отыр. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулікке қамауға алу қарастырылған, – деді депутат.