Атыраулық жас босанған аналар дауыс берді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгін сағат 07:00-де перзентханада бірінші болып Гаухар Бұзаубекова дауыс берді. Ол осы перзентханада үшінші сәбиін 9 жылдан соң босаныпты.
Референдум комиссиясы Гаухар Бұзаубековаға бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты. Сондай-ақ, тұңғышын өмірге әкелген Кәмшат Қайратова да перзантханадағы учаскеде өз таңдауын жасады.
"Мен бүгін дәрігерлердің көмегімен тұңғышымды дүниеге әкелдім. Дәл бүгін елімізде отандастарым тарихи таңдауын жасайтын ең елеулі күні өмірге келген тұңғышымның болашағы жарқын боларына сенемін", – деді Кәмшат Қайратова.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
Қазақстанда визалық режим жеңілдетілді
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған