00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Министрлердің халықпен кездесуінің кестесі бекітілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министрлердің халықпен кездесуінің кестесі бекітілді
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған болатын.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75%-ы «сұрақ-жауап» форматында өтеді.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы Үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.