Тоқаев халық әртісінің туыстарына көңіл айтты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаев М.Лермонтов атындағы Орыс ұлттық драма театрының ұжымына Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Рубен Суренович Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Белгілі қоюшы-режиссер және білікті педагог Рубен Суренович театр өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ол ширек ғасыр бойы М.Лермонтов атындағы драма театрды басқарып, елімізде және шет елдерде жүзден астам қойылымдарды сахналады. Рубен Суренович кісілік келбеті жоғары жан еді. Өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдарын жас ұрпақтың бойына сіңіре білді. Рубен Суреновичтің есімі жадымызда мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады