00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

19 жастағы бойжеткенді жезөкшелік үшін 250 мың теңгеге сатып жіберген

11 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
19 жастағы бойжеткенді жезөкшелік үшін 250 мың теңгеге сатып жіберген
Фото: Sputnik/Абзал Қалиев

Петропавлда 19 жастағы бойжеткенді сатқан Ақмола облысының тумасы ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов күдікті әлеуметтік желі арқылы кәмелетке толмаған, тұрмысы нашар және толық емес отбасынан шыққан, материалдық жағдайы қиын қыздарды іздегенін айтты.

Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Мәселен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды, - деді ол.

Олар қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қыздармен танысып, жұмыс іздеуге көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін пайдалану арқылы Петропавл қаласына шақырады.

Қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қарсылығын басып, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған.

Бұл схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатты. Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды, - деді Қ. Нұрмағамбетов.