00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық кәсіпкерлерге референдумда көтерілетін конституциялық реформалар жөнінде айтылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық кәсіпкерлерге референдумда көтерілетін конституциялық реформалар жөнінде айтылды
ашық дереккөз

Іс-шараға жазушы Садыбек Түгел, «Jaqsylyq foundation Qazaqstan» қорының басшысы Әйгерім Қалдығұлова және кәсіп иелері қатысып, алдағы референдум мәселесін талқылады.

Садыбек Түгелдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанға референдум өткізу қажет.

5 маусымда болатын референдум біздің халқымыз үшін, оның болашағы үшін маңызы өте зор. Дер кезінде өткізіліп отыр деп есептеймін. Өйткені, тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты. Дегенмен қандай ел болғанымызды қаңтар оқиғасы көрсетті. Енді біздің міндетіміз – осындай жағдайға жол бермеу үшін реформа жүргізу керек. Референдум деген – реформа. Бұл – заман талабы. Ата заңымыздың  33 бабына 56 өзгеріс енгізілмек. Конституцияға байланысты 5 бағыты айқындалып отыр. Бірінші, супер президенттік модельден классикалық президенттік модельге көшу. Екінші, билік тетіктерін өзгерту. Үшінші, Парламенттің рөлін жоғарылату. Төртінші, халықтың белсенділігін арттыру. Бесінші, қарапайым адамдардың құқын қорғау, – деді С. Түгел.