00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мақсат Толықбай: Референдум билік үшін емес, алдымен халық үшін керек

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мақсат Толықбай: Референдум билік үшін емес, алдымен халық үшін керек
ашық дереккөз

Іс-шараны Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.

Отырысқа қатысқан қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен ҚҚДИ сарапшылары референдум туралы қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылап, референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарды көтерді, сондай-ақ жалпыхалықтық дауыс беру елдің саяси жүйесіне қалай әсер ететінін талдады.

Іс-шараны «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасы Қазбек Майгельдиновтың модераторлығымен өтті.

Бұл референдум азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халықтың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталған, - деді Қазбек Майгельдинов.

Танымал журналист, Amanat партиясы саяси бюросының мүшесі Мақсат Толықбай өз сөзінде референдумның өткзілуі қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.

«Жаңа Қазақстан» дейтін ұран күн тәртібінен түспей тұр. Ол алдымен заң, құжат жүзінде сөйлеу керек. Қоғам нақты қадамдар күтеді. Сондықтан, референдум билік үшін емес, алдымен халық үшін керек. Референдумға барғанда ақпарат біліп бару маңызды. Себебі, Конституцияның 33 бабына толықтырулар енгізілмек, бірақ ертең дауыс берерде, осы өзгерістерді қолдайсың ба «иә», «жоқ» деген екі ғана сұрақ болады. Референдум бойынша түсінікті тілмен жазылған қысқаша бейнероликтер әлеуметтік желілерде жақсы пікірлер жинауда. Түсіндіру жұмыстары бойынша әлеуметтік желілердің де мүмкіндігін пайдаланған дұрыс, - деп атап өтті Мақсат Толықбай.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ресми өкілі, журналист Айкерім Есенәлі өз сөзінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының көрінісі – референдум екендігін айтты.

Жаңа Қазақстан дегеніміз – әділеттілік ережелері қалыптасқан қоғамы бар мемлекет. 2019 жылы алғаш сөз еткен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясының өмірдегі, практикалық көріністерінің бірі, осы – референдум деп ойлаймын. Әрбір азаматтың мемлекеттік құрылымның, реформалардың, даму механизмдерінің бір бөлшегі, қозғаушы күші ретінде жауапкершілігін арттыруда үлесі зор тарихи процесс жақсы нәтижелерге бастайды деп сенейік, - деп пікір білдірді Айкерім Есенәлі. 

Отырысқа қатысушылар референдумды өткізу идеясын қолдап, Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы саяси институттардың құрылымдық қайта құруларын қамтитынын атап өтті.