«Кетсе, кете берсін»: Мақпал Жүнісова Мерейдің туған қызы емес екенін айтты (ВИДЕО)
Orda.kz сайтының жазуынша, әнші Мерей туған қызы емес, ол оның туған бауырының қызы екенін айтқан. Шындықты айтқаны үшін Мерей оны тастап кеткен.
Оқи отырыңыз: ”Оның еш ерсілігі жоқ”: Мақпал Жүнісова Мұхамеджан Тазабекке сәлем салып жүр
”Менің жауларым деп ойлаймын”: Мақпал Жүнісова “Ирина Кайратовнаның” жігіттеріне тісін қайрап отыр (ВИДЕО)
Сәлеметсіздер ме! Бұл – менің шаңырағым. Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабаевич үшін өтірік айттым, кешіріңіздер! Мерей менің туған қызым емес, ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз, екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген, «асырап беріңдер» деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында, халқым, мен басымды имеймін. Кетсе, кете берсін. Бүгін кетіп қалды, келмесе, кетсін мәңгіге. Өзінің туған әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар. Барсын! Асырадым. Өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым. Кетсе кете берсін, жібердім, – дейді әнші видеода.