00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бодаухан Тоқан: Конституцияға өзгеріс енгізу – уақыт талабы

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бодаухан Тоқан: Конституцияға өзгеріс енгізу – уақыт талабы
ашық дереккөз

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды. Бұл өте дұрыс шешім болды деп санаймын. Өйткені қазіргі заңымызға сүйеніп «Жаңа Қазақстанды» құру қиын. Толып жатқан түзетулермен қырық жамау болған Ата заңымыздан бас тартып, 1993 жылғы варианттың негізінде жаңа Конституция жасау – күн тәртібінде тұрған аса маңызды мәселе. Ата заң елдің іргетасы іспетті, оны келсе келмес өзгерте беру және жеке адамның мүддесіне бейімдеу – бұл болашаққа, ұлтқа жасалған қиянат. Жұрттың наразылығын тудырып отырған бір себеп те – Ата заңдағы ағаттықтар. Сондықтан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» халықтың талабы бойынша республикалық референдум өткізгені – өте дұрыс шешім. «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағын жасау үшін Ата заң кемелді болуы керек, - деді Бодаухан Тоқан.