00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Өз қызына азғындық жасайды»: Шымкентте әйел күйеуін педофил деп айыптап жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Өз қызына азғындық жасайды»: Шымкентте әйел күйеуін педофил деп айыптап жатыр
ашық дереккөз

Stan.kz порталының жазуынша, сұмдық жайтты жеткіншектің өзі анасына айтып беріпті. Полицейлер отағасын бірден ұстағанымен, көп ұзамай босатып жіберген.

Істің тоқтатылуына тергеуші мен прокурордың күйеуіне туыс болып келуі себеп деп күдіктенеді ашынған әйел. Сондықтан қайтадан қамалуын талап етіп отыр. Алайда тәртіп сақшылары жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету бабымен іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын жеткізді.

Аты-жөнін атамауды өтінген әйелдің айтуынша, күйеуінің азғын екенін ақпанда білген. Көрші келіншектермен серуендеуге шықпақ болғанда қызы үйде әкесімен қалдырмауын өтініп, шырылдапты. Себебін сұрағанда, сұмдық жайтты айтқан. Үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әке жылға жуық уақыт өз қызына білгенін істеп келіпті дейді келіншек.

Мен үйде жоқ кезде үлкен баламды игротекаға жібереді екен барып ойнап кел деп. Ал кішкентайлар қарап отырады екен мультфильмге қарап, істеп отқан ісіне, – дейді жәбірленуші.

Мұны естіген әйел дереу полицияға емес, ата-енесін шақырған. Бірақ күніге есірткі шегетін оны туыстары «өзіміз емдеп аламыз» деп арашалапты. Кейін ұрып-соғатынды шығарған соң полицияға арыз түсірдім дейді.

Тергеуші және де прокурор – барлығы бір ауылдан, кейін білдім бәрі бір ауылдан екен. Рулас. Істің барлығын жылы жауып отыр. Берген айғақтардың бәрін жоққа шығарып отыр.  Сол кезде жаңағы айтты мен бұл жағдай педофилдік үшін ары кетсе 10 жыл отырамын. 10 жылдан кейін бәрібір шығып сені и қызымды өлтіремін деді сол кезде, – дейді жәбірленуші. 

Аса ауыр айыппен 10 жыл отырмақ түгілі 10 күннен кейін еркіндікке шыққанына заңгерлер де аң-таң. Адвокат Нұркен Қалмырзаев бұл іс бойынша куәгердің бар екенін айтады. Бірақ тергеуші бұған мән бермепті.

Негізі куә болған бір жасөспірім бала бар. Оны тергеушіге айтқан дейді. Бірақ тергеуші оны өзінің жауап хаттамасында көрсетпеген. Прокурор өз қаулысында жазады сот сараптамалары дайын болмауына байланысты осындай босатылуға жатады деп. Ал негізі мұндай жағдайда заң бойынша созылуы керек еді. Себебі ертең ол сараптаманың прокурор білмейді ғой ол ертең қортынды беретінін мысалы, – дейді адвокат Нұркен Қалмырзаев.

Ал полицейлер болса іске енді кірісіп жатыр. Яғни тергеушіні ауыстырып, куәгерлерден жауап алуды бастапты. Сараптамалар да толық тағайындалғанын жеткізді. Бірақ әлі күдікті қамалмаған.

Күйеуі жасөспірім қызына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны бойынша көрсеткен. Бұл арыз бірден Еңбекші АПБның бірыңғай тіркеп-тексеру тізіміне тіркелді. ҚР ҚК-нің 121-бабына сай 4-бөлігі, ол сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасөспірімге жасалғаны. Бірақ сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды, – дейді Шымкент қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Заң бойынша күдікті енді өз отбасына жақындамауы һәм телефон шалмауы керек. Әйтпесе бірден қамалады. Бірақ күйеуінің күніге анаша шегеді деген әйелі одан өлердей қорқады. Такси қызметінде істейтін күйеуім әкетуі мүмкін деп қызын да мектепке жіберуді қойыпты.