00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер жазаға тартылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаржы пирамидасын жарнамалаған әртістер мен вайнерлер жазаға тартылады
ашық дереккөз

Онда алаяқтық схемаларды жарнамалаған вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жақында болған қайғылы оқиғаны білеміз. Қаржы пирамидалары бүгінде үлкен проблема, әсіресе өңірлерде. Себебі адамдар сенеді, оны танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалайды. Жұрт соңғы ақшасын апарып салады, сосын нәтижесін көріп отырмыз. Сондықтан біз депутат Юрий Лидің жетекшілігімен заң жобасын әзірледік. Бүгінде топ жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық екенін біле тұра, қаржы пирамидасын жарнамалайтын вайнер, әртістер әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеп жатырмыз, — деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, 2022 жылы 10 ақпанда вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деген күдікке ілінді.