00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты сот қаулысы өзгеріссіз қалды
ашық дереккөз

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұдан бұрын Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен шығарылған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты он тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Аталмыш соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Аталған іске қатысты өзге де ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сай тергеу орындарынан білуге болады, - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Абай Жарылқасын.

Айта кетсек, сот актісіне қатысты күдіктілердің өкілдері апелляциялық шағым түсірген болатын. 19 сәуір күні Алматыда «Mudaraban Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынған еді. Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулікке қамауға алынды.