Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан, 11,3% – Қытайдан, 10,9% – Түрікменстаннан, 2,2% – Моңғолиядан және 9,3% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2%-ды және зейнеткерлер 14,1%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,8%-ының білімі жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады