Елімізде несиені кешіктіріп төлеушілер саны артқан
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстандық банктердің қарыз алушылары несиелерін жиі кешіктіріп төлейтін болған. Мерзімі өткен несиелердің жалпы көлемі соңғы 3 айда өскен.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 1 трлн 369,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың көктемінен бергі ең жоғары көрсеткіш.
Бірақ банктердің несиелік портфелі де жылдам өсуде. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көрсеткіш 6,75%. 2021 жылдың қазан айының басында дәл осындай деңгейде болды, – деп хабарлады бюро.
90 және одан да көп күн кешіктірілген несиелердің көлемі артып келеді. Ол жыл басынан бері ұлғайып, наурыз айының басында 706,4 млрд теңгені құрады.
Жалпы өсіп келе жатқан несие портфелінің аясында бұл көрсеткіш төмен болып көрінеді: NPL 90+ үлесі 3,48%-ды құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады