00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысы тұрақтылықты сақтай білу өте маңызды екенін айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы тұрақтылықты сақтай білу өте маңызды екенін айтты
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы кешегі қаңтар оқиғалары кезінде алматылықтар зор қауіп-қатерге төтеп бергенін, сын сағатта қала тұрғындары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсеткенін атап өтті.

Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық. Мен шаһарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту – менің айрықша назарымда. Баршаңызға мәлім, мен осыдан бірнеше күн бұрын халыққа Жолдауымды жарияладым. Елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсындым. Саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге бағытталған. Шын мәнінде, жаңа Қазақстанды құру дегеніміз - тек мемлекеттік аппаратты жаңғырту емес, бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы әр азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда болатын мерекелік іс-шараға қатысады

Президент баршы Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Бүгінгі алмағайып, құбылмалы заманда береке-бірлікті және тұрақтылықты сақтай білу өте маңызды. Осыны әрқайсымыз терең түсінуге тиіспіз. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер тұр және ауқымды жұмыстар бар. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша атсалысады деп сенемін, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында ауқымды міндеттер тұрғанын айтып, барша халықты осы мақсаттарды бірлесе атқаруға шақырды.

Тұғыры мығым, бірлігі бекем еліміз жасай берсін! Қазақстанымыз жасай берсін, мәңгі болсын! Әз Наурыз құтты болсын! Баршаңызға аманшылық тілеймін!, - деді Президент.