00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекеттік архив ұжымы Президент Жолдауын талқылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік архив ұжымы Президент Жолдауын талқылады
ашық дереккөз

Жиынға мәслихат депутаты Серік Түсіпов және заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов пен ұжым қызметкерлері қатысты.

Жолдауда елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспары ұсынылған.

Әділеттілік жоғалса, халықтың еліне және оның болашағына деген сенімі жоғалады. Бұған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің суперпрезиденттік басқару жүйесінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшетінін айтты. Енді Парламенттің күшейетіні анық. Екі Палатаның жұмысы мен құрылымына қатысты нақты реформалардың жүзеге асуы қоғам ұсынысына байланысты, – деді мәслихат депутаты Серік Түсіпов.

Президент Жолдауда, негізінен, саяси реформаларды таныстырды.

Сондай-ақ партия жұмысын жаңғырту, көппартиялы жүйені қалыптастыру, партияларға тең жағдайды қамтамасыз ету туралы нақты тапсырмалар берді.

Енді белсенді азаматтар партияны тіркеуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ сайлауға қатысты заңға өзгертулер енгізіледі. Дегенмен, Мемлекет басшысы өкілеттігінің біразынан бас тартты. Оның ішінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынды. Көптеген елдерде бұл ескерілгендіктен, бұл үлкен мәселе деп айтар едім. Себебі Президенттің партиядан тыс болуы партиялар арасында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді, - деді профессор Есберген Алауханов.

Бұл ретте билік пен қоғамның біріге отырып, «Жаңа Қазақстанның» іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үй­лесімінде қалануына белсенді түрде атсалысуы маңызды.

Айзада Жайыққызы