00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шымкентте балабақшадан сәби жоғалып кетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шымкентте балабақшадан сәби жоғалып кетті
ашық дереккөз

Vera.kz сайтының жазуынша, бұл туралы қалалық Білім беру басқармасы хабарлаған. №60 мемлекеттік балабақшада бала жоғалып кетті. Тәрбиеші оны әжесіне апару үшін топтан алып шыққан, бірақ ол қашып кеткен. Баланың қалайша көзге түспей кетіп қалғаны белгісіз.

Білім беру басқармасының дерегінше, бүлдіршінді іздеу жұмыстарына жарты сағат кеткен. Оқиғадан кейін тіпті полиция қызметкерлерін тартуға тура келген. Аталған жайтқа қатысты әдіскер Құралбаева, топ тәрбиешісі Низтаева, кезекші тәрбиеші Аширова және балабақша күзетшісі Юнусов қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Сондай-ақ сөгіс меңгеруші Байғарашеваға да жарияланды.