Шымкентте адамның ағза мүшелерін саудалауға қатысты сот үкімі шықты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Хабар 24» телеарнасы мәлім еткендей, жыл басында Бас прокуратура істі қайта қарауды сұраған. Алайда аппеляциялық шағым қанағаттандырылмады. Осылайша, 2020 жылы барлық азаматтарға оқылған үкім өзгеріссіз қалды.
Естеріңізде болса, 2019 жылы «адам ағзасын заңсыз саудалады» деген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі елді дүрліктірген болатын. Содан кейін құқық қорғау органдары елордалық трансплантолог-хирург Ғани Құттымұратов пен Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайды ұстаған. Сөйтіп, сот отырысында Құттымұратов кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталған еді. Ал Абылай Донбай кінәсіз болып шығып, сот залынан босатылған. Қазір ол жергілікті ауруханада қызметін жалғастырып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады