Қазақстан байларының шетелге ақша аударуы жиіледі
Яғни тоғыз айдың көрсеткіші бойынша өсім 35,8%-ға тең болып отыр.
Қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестициясының 1 млрд доллары қаржы және сақтандыру қызметіне тиесілі. Одан кейінгі орында – кәсіби және ғылыми техникалық қызмет (117,4 млн доллар) және үй шаруашылығы мен тұтыну тауарлары өндірісі (96,7 млн доллар).
Ақша аударымдарының ішінде басым бөлігі – офшор елдері. Былтыр алғашқы тоғыз айда ең көп Кайман аралдарына 637,5 млн доллар аударылған. Бұл елге аударылған ақша көлемі бір жылда 3 есе көбейді.
Артынша Ресей (253,1 млн доллар), үшінші орында да офшор – Сейшел аралдары (176,6 млн доллар).
Айта кетерлігі, аударылған инвестиция былтыр үшінші тоқсанда аударылды. Оған дейін қазақстандық инвесторлар Сейшел аралдарына ақша аудара қоймайтын.
Есесіне Кайман аралдарына инвестиция тұрақты көбейіп барады. Кайман аралдарының үлесі 2011 жылы жалпы шетелге аударылған тікелей инвестицияның 0,1%-ын құраса, 2020 жылы көрсеткіш 23,3% болды. Ал 2021 жылдың тоғыз айында 42,2% болды.