Автонесиелеудің екі нұсқасы қарастырылып жатыр
Қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын баса айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікпен берілетін несиеге 4 жылға (бірінші жылға – 30 млрд) бөліп, 150 млрд теңге (БАҚ-та айтылғандай 250 млрд емес) қаржы бағыттау қарастырылуда. Несие беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылады, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында.
Оның сөзінше, екінші нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беруді қарастырады. Бұған дейін ҚР Премьер-министрі атап өткендей, оған "ӨКМ (РОП) операторы" компаниясында жинақталған қаражаттан шамамен 100 млрд теңге бөлу ұсынылады.