«Сенде дуа бар, емдеп беремін»: қызылордалық әйелді емшінің кейпіне еніп, алдап соққан
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданған. Бейтаныс әйел оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп, сеніміне кірген. Сөйтіп оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша алаяқ ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі – 500 мың теңге.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады